Жаңару күні Балабақшамызда «Наурызнама » он күндігі аясында ұйымдастырылған іс- шаралар жоспарына сәйкес 19- наурыз «Жанару күні» қарсанында «Балбөбек » тобының балаларымен өсімдік отырғызу арқылы балаларды табиғатты аялауға байланысты экологиялық тәрбие берілді.Тәрбиеші Табулдинова С.Р
Балаларға қазақ халқының ұлттық ойындарын таныстыру, олардың қызығушылығын арттыру және салт-дәстүрге деген құрметін қалыптастыру. Ұлттық ойындар арқылы балалардың ептілігін, шапшаңдығын, ұйымшылдығын дамыту, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеу. Сондай-ақ денсаулығын нығайтып, белсенді қимыл-қозғалысқа баулу.
Көктемнің шуақты мерекесі — Әз Наурыз мерекесі «Еркетай » ортаңғы тобында ерекше көңіл-күймен өтті. Мақсаты:Балаларды Наурыз мерекесі арқылы ұлттық салт-дәстүрге баулу, қазақ халқының мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу. Ойындар мен билер арқылы балалардың көңіл-күйін көтеріп, бір-бірімен достық қарым-қатынасын нығайту.Тәрбиеші: Кожаханова Жансая Ертаевна .
14 наурыз – “Көрісу күні”. Бұл күні жұрт бір-бірін ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, төс қағыстырып сәлемдесіп, көрісу рәсімін жасайды. “Ұлыстың ұлы күні құтты болсын”, “Ақ мол болсын”, “Ұлыс оң болсын”, “Жаңа жыл құтты болсын!” деп біріне бірі бата-тілектерін айтып, арқа-жарқа болады. Бір-бірімен араздасқан адамдар өзара кешірім сұрайтын, арасы алыстаған ағайын жақындасатын күн. #ақбота_балабақшасы#амалкүніқұттыболсын#біртұтас_тәрбие_абай_облысы_жарма